Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда қарт әйел мен оның 52 жастағы ұлын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Полицей күдіктіге кісен салып жатыр
Полицей мен күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Талдықорғанда полицейлер екі бірдей адамды өлтірді деп күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Жетісу облысы полиция департаментінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Талдықорғанда полиция қызметкерлері екі адамды өлтірді деген күдікпен 43 жастағы ер адамды ұстады.

Ведомство өкілдері таратқан мәлімет бойынша, соңғы бірнеше күнде күдікті көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінде жасырынып жатқан. Қазір ұсталған азамат қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Полицейлер күдіктінің бұрын сотты болғанын және Алматы облысының тумасы екенін нақтылады.

"Ұсталған адам қазірдің өзінде күнәсін толығымен мойындады. Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес жүргізілуде. Ұсталған ер адам қамауға алынды", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Еске салсақ, 5 қаңтарда Талдықорғандағы жер үйлердің бірінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген қарт әйел мен оның 52 жастағы ұлының мәйіті табылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдіктіні анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2054693-taldyqorganda-eki-birdei-adamdy-oltirdi-dep-kudikke-ilingen-er-adam-ustaldy/

pixel