Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында бірнеше елді мекеннің тұрғындары жарықсыз қалды

Опубликовано:

Электр желісі
Электр желісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін түнде Павлодар облысында соққан желдің салдарынан 117 елді мекен электр жарығынан ажыратылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде Павлодар облысында желдің екпіні 37 м/с-қа жетіп, соның салдарынан 117 елді мекенде жарық сөніп қалды.

"Сағат 11.00-дегі жағдай бойынша электр қуаты 69 ауылдық елді мекенде қалпына келтірілді. Облыстың сегіз ауданында – Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты, сондай-ақ, Ақсу және Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарында 48 ауылдық елді мекенде 4040 абонент электр қуатынсыз қалып отыр", - делінген әкімдік мәлімдемесінде.

Әкімдік өкілдері электр қуатын қалпына келтіру жұмысымен 56 жөндеу бригадасы айналысып жатқанын, бұл жұмыстарға барлығы 168 адам мен 56 техника жұмылдырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығы салдарынан бес ауылда ғимараттардың шатырына зақым келген. Оның ішінде Ақсу қаласында №7 мектеп, Аққулы ауданында Қазы ауылының мәдениет үйі, Май ауданында Ақжар ауылының мектебі, Саты ауылындағы мектеп, Ақшиман ауылының мектебі бар.

Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта келтірілген залал көлемі есептеліп жатыр, содан кейін мердігерлік ұйымдар анықталып, объектілер қалпына келтіріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055034-pavlodar-oblysynda-birnese-eldi-mekennin-turgyndary-zaryqsyz-qaldy/

pixel