Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды: полицейлер пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Оқыс оқиға орны
Оқыс оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/dorogi_karagandy

Бүгін Алматы – Екатеринбург тасжолында үш көлік жол апатына ұшырады. Зардап шеккен жүргізушілердің бірі медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға орнынан түсірілген видео dorogi_karagandy Instagram парақшасында жарияланды. Видеодан жеңіл көлік жүк көлігіне соғылғанын көруге болады. Апатқа ұшыраған автокөліктің алдыңғы жағы сынған.

Қарағанды облысы полиция департаменті ақпараты бойынша, жол апаты салдарынан зардап шеккен бір жүргізуші медициналық көмекке жүгінген. Үш көлік жол апатына түсті.

"1 қаңтарда сағат шамамен 13:30-да Алматы – Екатеринбург тасжолының 1128-ші шақырымында Toyota Camry, Toyota Alphard және MAN маркалы үш көлік қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Жол апаты салдарынан Toyota Alphard көлігінің 33 жастағы жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді. Көліктерге механикалық зақым келген", – делінген хабарламада.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, полицейлер аталған деректі тіркеп, сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055088-zelide-qaragandy-oblysyndagy-zantursigerlik-zol-apatynyn-videosy-paida-boldy-policeiler-pikir-bildirdi-video/

pixel