Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудныйдағы тұрғын үйдің жылу желісінен ақау шығып, ондаған үй жылусыз қалды

Опубликовано:

Жөндеу жұмыстары
Жөндеу жұмыстары. Фото: instagram.com/teploset_too/

Рудныйдағы тұрғын үйдердің бірінінен ақау шығып, салдарынан 15 тұрғын үй жылудан ажыратылды. "Рудный жылу желілері" ЖШС өкілдері жағдайға қатысты жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Компания өкілдерінің айтуынша, бүгін таңертең Чекмарева көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғынынан туралы өтініш түскен.

Оған себеп – үйдегі жылу батареясының жарылуы. Белгілі болғандай, тұрғын үйдегі батареяның ілмекті өшіру тетігі істен шыққан.

15 үй жылудан ажыратылды.

"Бұл жағдай олардың ішкі жылу желілерінің дұрыс дайындалмауынан және үйдің кіреберісінде де, ұйдің ішінде де функционалдық өшіру тетігінің болмауынан туындады. Бұл бір ғана жағдай емес, жеке сектор тұрғындары өздерінің ішкі желілерін жылыту маусымына күтіп ұстауды және дайындауды қажет деп санамайды", - деді "Рудный жылу желілері" ЖШС өкілдері.

Мекеме мамандары жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қала әкімдігі өкілдерінің Kazinform тілшісіне хабарлауынша, қазір жүйеге су құю жұмыстары жүргізіліп, апат жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055168-rudnyidagy-turgyn-uidin-zylu-zelisinen-aqau-sygyp-ondagan-ui-zylusyz-qaldy/

pixel