Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз алдымда болды": Шымкентте дене шынықтыру сабағында көз жұмған оқушыға қатысты жаңа мәлімет шықты

Жарияланған күні:

Спортзал
Спортзал. Көрнекі фото: pexels.com

Шымкенттегі мектептердің бірінде оқушы көз жұмды. 8-сыныпта оқитын бала дене шынықтыру пәнінде есінен танып құлаған. 14 жастағы жеткіншектің нақты неден өлгені әзірге белгісіз, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна ақпаратынша, жеткіншек бұрын-соңды денсаулығына шағым айтпаған. Тіпті ешқандай тіркеуде де тұрмаған. Дене шынықтыру пәні басталғаннан кейін бес минут өткенде есінен танып құлап, жедел жәрдем көлігіне саламыз дегенше жан тапсырған.

Қайғылы жағдай болған кезде спортзалда 8-сыныптан бөлек, тағы 11-сыныпқа жаттығу болып жатқан. Қазір мектептің спортзалына мұғалімдер ырымдап күріш шашып, шеге қағып қойыпты.

Азаматтың денесі бүгін Шымкентте жерленді. Ал мектептегі өлімге қатысты тексеру басталғанымен, полиция департаменті ешқандай да ақпарат бермеген. Көз алдында болған оқыс жағдайдан ұстаздары да есеңгіреп жүр.

"Менің көз алдымда құлады, құлап бара жатып көзі аларын кетті. Бастаңа ештеңе жоқ. Артында Жанболат деген сыныптасы тұрған. Жүгіріп барып сұрадымғ дәрігер шақырыңдар дедім. Келді, олар өз әрекетін жасады. Мен аяғына массаж жасадым. Жүрегі ісіп кеткен дейді. Ағасы бізге сөйтіп айтты,кеше барып хабарын алдық қой, бұрыннан осындай ма еді деп", - деді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрлан Байсейітов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте 8-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында қайтыс болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055288-koz-aldymda-boldy-symkentte-dene-synyqtyru-sabagynda-koz-zumgan-oqusyga-qatysty-zana-malimet-syqty/