jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Абай облысында 17 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетті (видео)

    Жолдан шығып кеткен автобус
    Жолдан шығып кеткен автобус. Видеодан кадр: instagram.com/abai_department_police

    Абай облысында ішінде 17 жолаушы бар автобус жолдан шығып кетіп, салдарынан екі адам зардап шеккен. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаментінің Telegram-дағы арнасында хабарланды.

    ПД мәліметінше, Абай облысының Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде, қатты жел салдарынан коммерциялық жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кеткен.

    Автобустың ішінде 17 жолаушы болған. Автобус Қабанбай батыр ауылы - Алматы бағыты бойынша жүрген. 

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауруханаға жүгінген.

    Полиция өкілдері қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалғанын, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын айтты.

    Осы орайда Абай облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.