Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда патрульдік көлік қатысуымен жол апаты болды: екі адам зардап шекті (фото, видео)

Опубликовано:

Патрульдік полиция көлігіне құлаған жеңіл автокөлік
Патрульдік көлік қатысуымен болған жол апаты. Фото: t.me/kris_p_alm

Алматыда патрульдік полиция көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Жайт салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі жазуынша, қаңтардың 14-і сағат 16:10-да Әл-Фараби мен Достық даңғылдарының қиылысында жол апаты болды.

"Toyota автокөлігінің жүргізушісі С. есімді азамат Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Достық даңғылының қиылысында есін жоғалтқан, салдарынан Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысты.

Кейін Toyota көлігі инерцияға байланысты тұрақта тұрған Chevrolet патрульдік көлігіне соғылды", – деді полицейлер.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, жол апаты салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен полиция қызметкері зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Алматы ПД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055401-almatyda-patruldik-kolik-qatysuymen-zol-apaty-boldy-eki-adam-zardap-sekti-foto-video/

pixel