Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 көлік соқтығысты: Ақмола облысында ірі жол апаты болды (видео)

Опубликовано:

Жол апаты болған жер
Жол апаты болған жер. Видеодан кадр: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін Ақмола облысында нашар ауа райына байланысты жол мүлдем көрінбеген, салдарынан 15 көлік ірі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Ақмолы облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақмола облысы баспасөз қызметі өкілдерінің ақпараты бойынша, қаңтардың 14-і сағат 12:20-да "Астана-Петропавл" трассасының 150 шақырымында, Жаңаталап ауылына жақын маңда жол-көлік оқиғасы болды.

"Ауа райы қолайсыздығына байланысты "Тұлпар 503" экипажы Щучье қаласынан 100-ге жуық көлікті алып шықты.

Тәртіп сақшылары 15-ке жуық көлік арақашықтықты сақтамағанның салдарынан жол апатына ұшырағанын анықтады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – деді полицейлер.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Ақмола облысында демалыс күндері ауа райы қолайсыздығына байланысты полиция экипажы 600-ге жуық автокөлікке бағыт көрсетіп, ала жүрген.

"Полицейлер азаматтарды белгіленген жылдамдықты асырмауға, интервал мен арақашықтықты сақтауға, сондай-ақ көлік қозғалысы шектелуіне байланысты ТЖ қызметінің хабарламаларын мұқият бақылауға әрі қолайсыз ауа райы кезінде елді мекендерден тыс жерге шықпауға шақырады. Осылайша өзіңіз бен жолаушылардың өмірін сақтай аласыз", – деп қосты облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055404-15-kolik-soqtygysty-aqmola-oblysynda-iri-zol-apaty-boldy-video/

pixel