Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді: өртті сөндіруге 100-ден астам адам жұмылдырылды (видео)

Опубликовано:

Қоймадағы өртті сөндіру барысы
Қоймадағы өрт. Көрнекі фото: Алматы ТЖД

14 қаңтарда Алматыда алапат өрт болды - Алмалы ауданында құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді, деп хабарлайды мегаполистің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, өрт шыққаны туралы хабар Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне сағат 20:25-те түскен. Оқиға орнына 6 минут ішінде жеткен өрт сөндірушілер құрылыс материалдары мен лак-бояу өнімдерін сақтайтын қойма ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің жалпы ауданы 500 шаршы метрден асады.

"Өрттің көршілес орналасқан қоймаларға таралу қаупі туындады, өртті сөндіру жұмысы қойма жайлары тез жанғыш бұйымдарға лық толғандықтан (битум, лак-бояу) қиындай түсті", - делінген ведомство хабарламасында.

Өрт 22-34-те оқшауланып, 22-50-де толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге 21 техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылды.

"Көршілес орналасқан қоймаларға өрттің таралуына жол берілмеді, нәтижесінде кәсіпкерлердің 5 мың шаршы метр ТМҚ сақтау қоймалары аман қалды", - деп хабарлады төтеншеліктер.

Ведомство өкілдері өрттің себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055421-almatyda-qurylys-materialdary-saqtalgan-qoima-ortendi-ortti-sondiruge-100-den-astam-adam-zumyldyryldy-video/

pixel