Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада темір жол вокзалында жұрт кептеліп қалды: ҚТЖ жағдайды түсіндірді (видео)

Опубликовано:

Вокзалда қысылып тұрған адамдар
Вокзалдағы қысылып тұрған адамдар: Видеодан кадр: t.me/astanovka98

14 қаңтарда әлеуметтік желілерде елордадағы Астана-1 вокзалынан жұрт қысылысып қалғаны түсірілген бірнеше видео жарияланды. "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі бұл жағдай неден туындағынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Astanovka98 арнасында шыққан мәліметке сүйенсек, вокзалдағы бұл жағдай кеше сағат 22:30 шамасында болған. Арна оқырманы вокзал ғимаратынан шығатын эскалаторға бірнеше адам құлағанын жазған.

"Ескі ғимараттың сыйымдылығы жолаушылар ағынына төтеп бере алмайтыны анық. Біз вокзал әкімшілігінің реакциясын және осындай қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын күтеміз", - делінген жазбада.

Дәл осындай видеоны желі қолданушысы Асқар Тажанов та жариялады.

"Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметі бұл жағдай қолайсыз ауа райына байланысты екі пойыз бір мезгілде келуімен түсіндірді.

"14 қаңтарда, демалыс күні (жексенбі) және қолайсыз ауа райынан автомобиль жолдарының жабылуы мен екі пойыздың бір мезгілде келуі себебінен вокзалда жолаушылар ағыны едәуір өсті.

Вокзал бойынша кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу жөнінде шаралар қабылдады, алайда жолаушылар тарапынан конкорстық өткелден өту кезектілігі мен қауіпсіздік техникасы сақталмады, бұл эскалатордағы қауіпті жағдайға әкеп соқтырды. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды. Қазіргі уақытта вокзал штаттық режимде жұмыс істейді", - делінген компания хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055451-astanadagy-temir-zol-vokzalynda-zurt-keptelip-qaldy-qtz-zagdaidy-tusindirdi-video/

pixel