Өскеменде тұрғын үй кіреберісінде атыс болып, белгілі спортшы қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русскомӨскемен қаласында белгілі спортшы, спорт шебері Эльер Юнусметов cенбі күні атыс кезінде қаза тапқаны белгілі болды. Спортшы туған ауылында жерленеді, деп хабарлайды YK-news.kz.
Басылымның мәліметінше, Өскемендегі атыс кезінде 1990 жылы туған белгілі спортшы Эльер Юнусметов қаза тапқан.
Ол Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген. Юнусметов спорттағы алғашқы қадамын 5 жасында бастаған, оның алғашқы жаттықтырушысы өз әкесі болған.
Эльер Юнусметов әскери борышын өтеп, Экономика және қаржы колледжін заңгер-кеңесші мамандығы бойынша тәмамдаған.
Катонқарағай ауданы әкімдігінің мәліметінше, Эльер Юнусметов спортта мынадай атақтарға ие болды:
- жекпе-жектен (ММА) халықаралық дәрежедегі спорт шебері; кикбоксинг бойынша спорт шебері; Кудодан спорт шебері;
- Жекпе-жектен әлем кубогының жеңімпазы және Еуразия чемпионы;
- "Катунь шайқасы" Гран-при жүлдесінің иегері (Ресей Федерациясы).
Ол бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг "Барыс QTT" клубында жаттығып жүрген болатын.
Туыстарының айтуынша, Эльер Юнусметов туған ауылында жерленеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055564-oskemende-turgyn-uilerdin-birinin-kireberisinde-atys-bolyp-belgili-sportsy-qaza-tapty/