Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде тұрғын үй кіреберісінде атыс болып, белгілі спортшы қаза тапты

Опубликовано:

Эльер Юнусметов
Эльер Юнусметов. Фото: Қатонқарағай әкімдігі/yk-news.kz

Өскемен қаласында белгілі спортшы, спорт шебері Эльер Юнусметов cенбі күні атыс кезінде қаза тапқаны белгілі болды. Спортшы туған ауылында жерленеді, деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның мәліметінше, Өскемендегі атыс кезінде 1990 жылы туған белгілі спортшы Эльер Юнусметов қаза тапқан.

Ол Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген. Юнусметов спорттағы алғашқы қадамын 5 жасында бастаған, оның алғашқы жаттықтырушысы өз әкесі болған.

Эльер Юнусметов әскери борышын өтеп, Экономика және қаржы колледжін заңгер-кеңесші мамандығы бойынша тәмамдаған.

Катонқарағай ауданы әкімдігінің мәліметінше, Эльер Юнусметов спортта мынадай атақтарға ие болды:

  • жекпе-жектен (ММА) халықаралық дәрежедегі спорт шебері; кикбоксинг бойынша спорт шебері; Кудодан спорт шебері;
  • Жекпе-жектен әлем кубогының жеңімпазы және Еуразия чемпионы;
  • "Катунь шайқасы" Гран-при жүлдесінің иегері (Ресей Федерациясы).

Ол бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг "Барыс QTT" клубында жаттығып жүрген болатын.

Туыстарының айтуынша, Эльер Юнусметов туған ауылында жерленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055564-oskemende-turgyn-uilerdin-birinin-kireberisinde-atys-bolyp-belgili-sportsy-qaza-tapty/

pixel