Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда лағманхана өртенді (фото)

Опубликовано:

Алматыда лағманхана өртенді
Алматыда лағманхана өртенді. Фото: Алматы ТЖД

Бүгін, 16 қаңтарда Алматыда кафеде өрт болды. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды өшірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс жағдай таңғы сағат 8:58-де Алмалы ауданында болған.

Өрт сөндірушілер келген сәтте кафе шатыры жанып жатқаны анықталған. Көршілес ғимараттарға өрттің таралу қаупі туындап, көршілес үйден 5 адам қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Ал кафе ішінде адамдар болмаған.

Алматыда лағманхана өртенді
Алматыда лағманхана өртенді. Фото: Алматы ТЖД

Өрт оқпандары дереу енгізілді. Жанып жатқан кафеден 7 газ баллоны шығарылған. Автоцистерналардан өрт оқпандары дереу енгізіліп, өртке қарсы гидранттарына орнатылған. Соның есебінен үздіксіз су беру қамтамасыз етілген.

Өрт 18 минут ішінде оқшауланған. Сағат 9:43-те қызыл жалын толығымен жойылды. Өртті ауыздықтауға 30 адам, 10 техника, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметтері тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055702-almatyda-lagmanxana-ortendi-foto/

pixel