Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жолаушылар пойызы бес түйені қағып кетті

Опубликовано:

Темір жолда келе жатқан жолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы. Көрнекі фото: "Қазақстан темір жолы" АҚ ҰҚ баспасөз қызметі

Атырау облысында пойыз машинисі темір жол бойындағы түйелерге бола шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болаған. Алайда апаттың алдын алу мүмкін болмады, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпараттық медиа-порталының хабарлауынша, 13 қаңтарда Атырау облысындағы Құлсары стансасында Волгоград – Ташкент бағытында келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі темір жолда түйе жайылып жүргендіктен, шұғыл тежеуді қолданған.

Соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан пойыз бес түйені қағып кетті. Темір жол бойында мал жаю ережесін бұзғаны үшін түйелердің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

Осыған ұқсас жағдай Павлодар облысында да тіркелді. Бозшакөл – Үленті стансаларының аралығындағы жолда жүк пойызы бес жылқыны қағып, мерт қылды. Соның кесірінен пойыз жоспардан тыс 13 минут аялдаған. Екібастұз стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде малдың иесін анықтады. Ол 44 жастағы Павлодар облысының тұрғыны болып шықты. Үй жануарларының иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Шұғыл тежеуді қолдану және жануарларды қағып кету пойыздардың ұзақ уақыт тоқтап тұруына, локомотивтердің зақымдалуына, тіпті, айтарлықтай шығынға әкеп соғады. Осыған сәйкес, көлік полицейлері үй жануарларының иелеріне қауіпсіздік шараларын сақтап, теміржол маңында жануарларды жаю кезінде аса мұқият болуды ескертеді", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Айта кетерлігі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 559-бабына сәйкес, темiржол арқылы ат-арба көлігімен (шаналармен) өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055714-atyrau-oblysynda-zolausylar-poiyzy-bes-tuieni-qagyp-ketti/

pixel