Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау тұрғындары түндегі өрт сөндіру көліктерінің дыбысына алаңдап қалды (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видедан кадр: Lada.kz

Ақтау қаласында түндегі тұрғын үй аулаларының біріне өрт сөндіру көліктерінің келуі тұрғындарды алаңдатты. Облыстық ТЖД мәліметінше, пәтерлердің бірінде қысқа тұйықталу болған, деп хабарлайды Lada.kz.

16 қаңтарға қараған түні 28А ықшамауданының тұрғындары сирена даусын естіп және №1 үйдің маңында өрт сөндіру көліктерінің жиналып қалғанын көріп, алаңдаған.

Оқиға орнына жеткеннен кейін өрт сөндірушілер сиреналарды өшіріп, тек ескерту шамдарын қосып қойған.

Құтқарушылардың келуіне тұрғын үйдің пәтерлерінің біріндегі қысқа тұйықталу себеп болған.

"Сағат 22:34-те Ақтау қаласындағы 28А ықшамауданында, №1 бес қабатты үйдің төртінші қабатында электр желісінің қысқа тұйықталуы болды. Өрт шықпады, зардап шеккендер жоқ. 3 бірлік арнайы техника мен 11 қызметкер жұмылдырылды", - деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055833-aqtau-turgyndary-tundegi-ort-sondiru-kolikterinin-dybysyna-alandap-qaldy-video/

pixel