Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғарғы сот судьялардың бірі миллиондап пара алып жатқан жерінен ұсталғанын хабарлады

Опубликовано:

Судья балғасы мен ақша
Судья балғасы мен ақша. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

Атырау облысында судья 2,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жоғарғы сот өкілдерінің мәліметінше, 10 қаңтарда Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері Сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 2024 жылғы 15 қаңтарда 2,5 млн теңгені алған кезінде судьяны парамен ұстады", - делінген Жоғары соттың Facebook желісіндегі парақшасында.

Бұған қоса Жоғарғы сот өкілдері күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылмағанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-әрекетімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда", - делінген мәлімдемеде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055849-zogargy-sot-sudyalardyn-biri-milliondap-para-alyp-zatqan-zerinen-ustalganyn-xabarlady/

pixel