Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте төрт құрылыс дүкені мен қойма өртенді (видео)

Опубликовано:

Өрт
Өрт. Көрнекі сурет. Фото: Шымкент қалалық ТЖД

17 қаңтарға қараған түні Шымкентте алапат өрт болды - төрт дүкен мен қойма өртенді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

ТЖД-ға өрт туралы хабар түнгі 01:15-те түскені хабарланып отыр - "Евролюкс", "Гармония", "Марморит", "Медина" құрылыс дүкендері мен қойма өртенген.

Өрт шарпыған аумақ, ТЖД мәліметінше, 1300 шаршы метрге жеткен, ғимараттың жалпы ауданы - 1400 шаршы метр.

"ТЖД қызметкерлері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады департаменттегілер.

Басылым өрттен шыққан түтін Шымкенттегі құрылыс дүкендер көп орналасқан Ескі қала көшесінен бірнеше шақырым жерден көрінетінін атап өтті.

Алдын ала мәлімет бойынша, ТЖ-дан зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055883-symkentte-tort-qurylys-dukeni-men-qoima-ortendi-video/

pixel