Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда корпоративтік қор президенті 19 млн теңге ұрлаған

Опубликовано:

Күдіктіні тергеу изоляторына қамау сәті
Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Павлодар қаласының тұрғыны жалған еңбек келісімшарттарын жасап, 19 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған. Ақша мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп жүрген азаматтардың еңбекақысын төлеуге жұмсалуға тиіс болған, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ведомствоның ақпараттық медиа-порталы жариялаған мәлімет бойынша, Павлодардың 62 жастағы тұрғыны корпоративтік қордың президенті болып жұмыс істеген. Ұйым 1, 2, 3-топтағы мүгедектер бірлестігіне қолдау көрсетумен айналысқан.

"Сотталған әйел өзінің қызметтік бабын заңсыз баю мақсатында пайдалана отырып, қордың вице-президентімен сөз байласып, алдау арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсететін тұлғалар қызметіне ақы төлеуге арналған бюджет қаражатын жымқырған. Олар бұл ұйымда нақты жұмыс істемейтін тұлғалармен жалған еңбек шартын жасаған", - деп жазды ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталы.

Осылайша 19 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты қолды болған.

Сот әйелді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ осы мерзім аралығында мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмыс істеуіне тыйым салынды.

"Сотталушы өз кінәсін түсініп, істеген ісіне өкінді. Абай ауданындағы әйелдер колониясына келген соң мекеме қызметкерлері оның құқығы мен міндеттерін түсіндірді", - дейді мекеме басшысының орынбасары Анар Сәбиева.

Жақында Алматы прокурорлары қала мектептерінің бірінде 46 млн теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланғанын анықтағанын жазған едік. Қалалық прокуратура мәліметінше, мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056260-pavlodarda-korporativtik-qor-prezidenti-19-mln-tenge-urlagan/

pixel