Арыс қаласында наубайханада газ баллоны жарылды: бір адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Арыс қаласындағы наубайханада газ баллоны жарылып, екі қызметкер күйік шалып ауруханаға түсті. Олардың бірі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Басылым мәліметінше, өрт салдарынан бір шатыр астында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығы, наубайхана және дүкеннің 200 шаршы метр шатыры жанған.
Наубайхана ішінде өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 1 дана 50 литр газ/пропан жарылған. Салдарынан 1984 және 1988 жылы туған екі адам денесін күйік шалып, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар наубайханадан 2 дана 50 литр және 2 дана 25 литр пропан газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
"Өрт басына жеткен сәттегі жағдай – наубайханадағы 50 литрлік газ баллоны жарылу салдарынан жанында жапсарлас орналасқан ғимараттардың шатыры жанған. Ғимараттың жалпы көлемі 285 шаршы метр, соның шінде жанғаны - 200 шаршы метр. Өртке көмекке 3 өрт сөндіру көлігі шақыртылды. Өрт 14:51 толығымен сөндірілді", - деп хабарлады Арыс қаласындағы №7 ӨСБ бастығы, азаматтық қорғау майоры Бекмырза Өсербек.
Басылым мәліметінше, жарақат алғандардың екеуі де Өзбекстан азаматы. 17 қаңтарда болған оқиғадан зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатса, әйел адам алған жарақатынан бүгін көз жұмды.
"Газ баллоны жарылған кезде зардап шеккен өзбекстандық екі азамат ауруханаға жатқызылды. Қабылдау кезінде екеуінің де жағдайы ауыр болды, олар қатты күйік алған. Бүгін сағат 13:00-де 1984 жылы туған әйел қайтыс болды. Оның денесінің 92 пайызын күйік шалған еді", - деді Арыс аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Талғат Тәжиметов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056276-arys-qalasynda-naubaixanada-gaz-ballony-zaryldy-bir-adam-qaza-tapty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.