Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларды таяқпен ұрған": Маңғыстаудағы мектептердің бірінде шу шықты

Опубликовано:

Сынып ішіндегі оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Маңғыстауда жекеменшік мектептердің бірінде шу шықты: бастауыш сынып мұғалімі балаларды таяқпен ұрған. Жас мұғалім ақыры жұмыстан кетті, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

Телеарна сайтының хабарлауынша, бастауыш сынып мұғалімі сабақ кезінде оқушылардың қолынан таяқпен ұрып тезге салған. Болған жайтты әлеуметтік желіде таралған видеодан көрген ата-аналар мұғалімнің бұл әрекетіне шағымданған.

Оқиға Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектептердің бірінде болған. Видеодан мұғалімнің балалардың қолынан таяқпен нұқып шыққанын көруге болады.

Телеарна сайтында жас мұғалімнің неге мұндай әрекетке барғанын мектеп басшылары да түсіндіріп бере алмағаны айтылған. Тіпті оқушылардың не бүлдіріп қойғаны да белгісіз. Десе де директор ұстазға қатаң сөгіс жариялаған. Мұндай әрекетке барған мұғалім арыз жазып, жұмыстан өз еркімен шығып кеткен.

"Мұғалім - төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман. Мұғалімге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сондай-ақ негізгі мәлімдемеге сәйкес қатаң сөгіс тәртіп шарасы қолданылды.

Мұғалім 17 қаңтарда өз еркімен жұмыстан шығып кетті", - дейді Маңғыстау облысының білім басқармасындағылар.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056313-balalardy-tayaqpen-urgan-mangystaudagy-mektepterdin-birinde-su-syqty/

pixel