Ақмола облысында электровозға соғылған автокөлік қирап қалды: бір адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Ақмола облысының Есіл ауданында автокөлік пен электровоз соқтығысып, бір адам көз жұмды, тағы бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19-шы қаңтарда Есіл қаласындағы №7 агротехникалық колледжінің маңындағы теміржол өткелінде болған. Жедел жәрдем қызметінің диспетчері полицияға хабарлаған.
"Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматы басқарған Lexus RX 300 көлігі теміржол өткелінен өтпек болған кезде Есіл қаласы бағытында жүріп бара жатқан "Дрезина" электровозымен соқтығысқан. Салдарынан автокөліктің 32 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал электровоз жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Қазіргі кезде, полиция жол-көлік оқиғасына байланысты іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу шараларын бастап кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056553-aqmola-oblysynda-elektrovozga-sogylgan-avtokolik-qirap-qaldy-bir-adam-qaza-tapty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.