Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда белгісіз жыртқыш аң 15 қойды жарып кеткен (фото, видео)

Опубликовано:

Мал қорасына келген шенеуніктер
Мал қорасына келген шенеуніктер. Фото: instagram.com/altaynewskz

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті тұрғындардың бірінің сарайына белгісіз жыртқыш кіріп кетіп, салдарынан 15 қойдың өлексесі табылды.

Altaynews.kz хабарына қарағанда, оқиға Бастаушы ауылдық округінің Көкжота ауылында (Самар ауданы) болған. Бірнеше күн бұрын белгісіз жыртқыш Еділхан Сарбасовтың сарайына кіріп, нәтижесінде 15 бас қой өлі табылған, 10-ы жараланған.

Оқиға орнына аудан әкімі Нұрлан Мұхамбетов, ауылдық округ әкімі Арман Кеңесбеков, сондай-ақ жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері шұғыл жеткен.

"Белгісіз жыртқыш есік астынан қазып өтіп, қораға кіріп кеткен. Бұл сілеусін болуы мүмкін. Егер қасқыр болса, онда ол қойларды қарнын жарып тастаған болар еді, ал бұл жыртқыш өліктерді жарақатсыз қалдырған. Өлген қойлардың өлексесі арнайы орынға көмілген. Себебі жыртқыштың сілекейінде әртүрлі қауіпті аурулар болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері залалды есептеп жатыр", - деді аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сурашев.

Оқиғадан кейін жергілікті билік орман шаруашылығы қызметкерлеріне жыртқыштарды бақылауды күшейтуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056586-sygys-qazaqstanda-belgisiz-zyrtqys-an-15-qoidy-zaryp-ketken-foto-video/

pixel