Семейде болған жаппай төбелестің видеосы таралды
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желілерде Семейдегі жаппай төбелестің видеосы тарап кетті. Видеоға қатысты Абай облыстық ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Instagram-дағы semey_city паблигінде жаппай төбелес түсірілген видео пайда болды. Кадрларда таяққа ұқсайтын заттары бар ер адамдар бейнеленген. Кадрлардан соққыдан кейін қатысушылардың бірі құлағанын көруге болады.
Видео сипаттамасында ер адамдардың бірі қаза тапқаны жазылған. Алайда Абай облыстық полиция департаменті өкілдері төбелестен ешкім қаза болмағанын хабарлады.
"Әлеуметтік желіде таратылған жаппай төбелес фактісіне қатысты бейнежазба бойынша Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Семей қалалық ПБ Затон полиция бөлімі - денсаулыққа зиян келтіруге бейімделген заттарды қолдана отырып, адамдар тобы жасаған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды", - делінген ПБ хабарында.
Қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталып уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
"Сонымен қатар, жанжалға қатысушылар арасында қаза тапқандар жоқ екенін хабарлаймыз. Абай облысы Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді және азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды", - делінген облыстық ПД-ның баспасөз қызметі Telegram-арнасындағы хабарында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056591-semeide-bolgan-zappai-tobelestin-videosy-taraldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.