Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде жаяу жүргінші өткелінде қызды көлік қағып кетті

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Жедел жәрдем. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Семейде жаяу жүргіншілер өткелінде қызды көлік қағып кетті, ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға, аймақтық полицияның мәліметі бойынша, 20 қаңтарда сағат 17.00 шамасында болған.

"20 қаңтар күні сағат 17.00 шамасында Mercedes автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен. Зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді", - делінген ведомствоның Telegram-арнасындағы хабарламасында.

Осы дерек бойынша сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056603-semeide-zayau-zurginsi-otkelinde-qyzdy-kolik-qagyp-ketti/

pixel