Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада мұз опырылып, екі бала суға батып кете жаздады

Опубликовано:

Мұз
Мұз. Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылордада 15 және 14 жастағы екі жасөспірім Сырдария өзенінде мұздан құлап кетті. Балаларды полицейлер байқап, құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасында.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, суға батып бара жатқан 15 жастағы қыз бен 14 жастағы ұл баланы полицейлер Сырдария өзенінің аумағын патрульдеу кезінде байқап қалған.

Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Әділхан Молдағалиұлы мен Алтынбек Мейрамбекұлы суға батып бара жатқан жасөспірімдерді бірден арқан арқылы құтқаруға кіріскен.

Балаларды мұздай судан шығарған полицейлер жедел жәрдем шақырып, балаларды ата-анасына тапсырған.

"Жасөспірімдер ойнап жүріп мұзға шыққан, бірақ мұз олардың салмағын көтере алмай, бала суға құлап кеткен. Оған көмектесуге ұмтылған қыз да суға құлаған", - дейді полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056649-qyzylordada-eki-zasospirim-syrdariyadagy-muz-astyna-tusip-ketken/

pixel