Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жол апаты кезінде үш адам көлік ішінде қысылып қалды

Опубликовано:

Көлік ішіндегі адамдарды шығаруға кіріскен құтқарушылар
Құтқарушылар. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

Алматы облысында жол апаты болып, үш адам көліктің ішінде қысылып қалды. Оларды шығару үшін құтқарушыларды шақыруға тура келген, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, жол-көлік апаты 21 қаңтарда, таңертең Алматы облысында Ұлан және Жамбыл кенттері арасында болған. Екі көлік бір-біріне соқтығысқан кезде бір көлікте үш адам қысылып қалған.

Көліктегі адамдарды шығару үшін бес адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келген.

"Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару жабдығының көмегімен үш зардап шегушіні көліктен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056652-almaty-oblysynda-zol-apaty-kezinde-us-adam-kolik-isinde-qysylyp-qaldy/

pixel