Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жолаушылар пойызы екі теміржолшыны қағып кетті

Опубликовано:

теміржол
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

21 қаңтарда таңғы уақытта Жамбыл облысында жолаушылар пойызы екі адамды қағып кетті. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында жазды. Оқиғаға қатысты "Қазақстан темір жолы" компаниясының ресми өкілі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналист Михаил Козачков екі теміржолшыны "Астана-Шымкент" бағытындағы жолаушылар пойызы қағып кеткені туралы мәліметті жариялады.

Оқиғаға қатысты "Қазақстан теміржолы компаниясының" ресми өкілі пікір білдірді. Апат Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында 21 қаңтар таңғы сағат 07:27-де болған.

"Екі теміржолшы опат болды. Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен апаттың алдын алу мүмкін болмады. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Компания өкілдері қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері қайғылы жағдайға қатысты Шу станциясындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс бойынша басқа ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды", - дейді ведомство өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056669-zambyl-oblysynda-zolausylar-poiyzy-eki-temirzolsyny-qagyp-ketti/

pixel