jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астанада смартфонын алмақ болған ер адам дәретхана шұңқырына құлап кетті

    Дәретхана белгісі
    Дәретхана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астана тұрғыны көшедегі дәретхана тесігіне түсіп кеткен смартфонын алмақ болғанда өзі қоса құлап кетті. Оқиға орнына жедел жәрдем мен құтқарушылар келді. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Instagram-дағы kris.p.oral парақшасында жарияланған бейнежазбадан Астанада жанармай құю бекетінің жанындағы дәретханаға құлап кеткен ер адамды көруге болады. Экран сыртында сөйлеп тұрған екінші адам оның дәретхана тесігіне смартфонын түсіріп алғанын, соны аламын деп тіпті аяқ киімін шешіп қойғанын айтады.

    Бұдан бөлек, бейнежазбадан оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі келгенін байқауға болады.

    Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне құтқарушылар бұл шақыртуға 19 қаңтар күні сағат 18:04-те жеткенін хабарлады. Оқиға болған жерге 11 адам мен 2 техника барған.

    "Шақыру орнына жеткенде ер адамның көшедегі дәретханаға құлап кеткені анықталды", - деп хабарлады Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

    Ер адам сыртқа шығарылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.