Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Опубликовано:

Жер сілкінісінен кейін тұрғындар көшеге шығып кетті
Жер сілкінісінен кейін тұрғындар көшеге шығып кетті. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев қалада тағы да жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Оның сөзінше, зілзала магнитудасы 2-3 болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті Алматы тұрғындары! Сағат 00:42-де "Сейсмикалық станциялар желісі "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС қайталанған жер сілкінісін тіркеді. Магнитудасы - 2-3. Сіздерден сабыр сақтауды, қауіпсіз орындарда болуды, көшеде, ғимараттардан алыс жерлерде болуды сұраймыз.

Қазіргі сәтте "112" дағдарыс орталығына Алматы қаласы бойынша ғимараттардың қирауы туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деді Атығаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056873-almatyda-tagy-da-zer-silkinisi-tirkeldi/

pixel