Алматыда зілзала кезінде зардап шеккендер саны артты
Жарияланған күні:
Алматыда зілзала кезінде зардап шеккендер саны 44-ке жетті. Олар жеңіл және орташа жарақат алған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ауруханаға жүгінгендерде бастың жарақаты, қысылып қалу, аяқ-қолдардың созылуы, деп хабарлады министрлік өкілдері.
"Олар түрлі диагнозбен қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам, оның 3-і ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді. Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-і ауруханаға жатқызылды, 5-і амбулаториялық емделуге жіберілді", - деп нақтылады ведомстводағылар.
Барлық пациент қаланың емдеу мекемелерінде білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілгеніне сендіріп отыр ведомстводағылар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056989-almatyda-zilzala-kezinde-zardap-sekkender-sany-artty/