Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде жер сілкінісі кезінде Алматыдағы супермаркетте түсірілген видео жарияланды

Опубликовано:

Жер сілкінісі
Жер сілкінісі кезіндегі алматылық супермаркетте түсірілген кадрлар. Фото: almatinec_life

Алматыдағы супермаркеттердің бірінде орнатылған видеобақылау камерасына жер сілкінген сәтті түсірілген. Бұл кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны блогер Таир Жиғанбаев "Алматинец" Instagram-паблигінде жариялады. Кадрлардан азық-түлік салмағын есептейтін құралдарды көруге болады. Бір сәтте сөрелерде орналасқан өнімдер бір жағынан екінші жағына қарай тербеле бастайды. Пирамида іспетті бір-бірінің үстіне қойылған кейбір тауарлар құлаған.

"Бұл түн біздің есімізде ұзаққа сақталады", - деп жазды блогер видео сипаттамасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057029-zelide-zer-silkinisi-kezinde-supermarkette-tusirilgen-video-zariyalandy/

pixel