Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да көлік жол бойында өртеніп кетті: оны полицейлер қармен сөндірген

Опубликовано:

Өртенген көлік
ШҚО-да өртенген көлікті сөндіріп жатқан полицей: instagram.com/eastkazpolice

ШҚО-да қысқа тұйықталудан көлік өртеніп кетті. Өртті жолда патрульдеуде жүрген полицейлер сөндірген, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өртенген көлікті сөндіру барысы түсірілген видео өңірлік полиция департаментінің Instagram-парақшасында жарияланды. Өрт электр сымдарының тұйықталуы салдарынан шыққаны айтылады.

"Өскемен-Алтай тасжолының 43-шақырымын патрульдеу кезінде инспекторлар Алмас Нұриев пен Еркін Қадыровтың назары жол жиегінде тұрған Мitsubishi көлігіне түскен. Көлікке жақын келген тәртіп сақшылары көліктің сорғышының астынан қалың түтін шығып жатқанын байқаған.

Өрттің одан әрі өршуіне жол бермеуге тырысып, полицейлер өрт сөндіргішті алып, өртті сөндіре бастаған. Оларға өтіп бара жатқан жанашыр көліктің жүргізуші келіп, көлікке қар лақтырып өртті сөндіруге көмектескен", - делінген ПД хабарында.

Полиция қызметкерлері өртсөндірушілер келгенге дейін өртті сөндіріп үлгерді.

Алтай ауданының тұрғыны тәртіп сақшыларына зор денсаулық пен жұмыста табыс тілеп, алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057141-sqo-da-qysqa-tuiyqtaludan-kolik-ortenip-ketti-ony-policeiler-qarmen-sondirgen/

pixel