Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын Орда" базары маңында BMW жүк көлігімен соқтығысып, бетон қоршаулар қирады (видео)

Опубликовано:

Алматы-Бішкек тасжолындағы жол апаты
Алматы-Бішкек тасжолы жол апаты. Фидеодан кадр: instagram.com/kris.p.karasai

Кеше, 24 қаңтарда "Алтын Орда" базары маңына жақын Алматы-Бішкек тасжолында ірі жол апаты болды. Оқыс оқиға салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram желісіндегі kris.p.karasai парақшасында жарияланды.

Кадрлардан жеңіл автокөлік пен жүк көлігінің жолдағы бетон қоршауларды бұзып өткенін көруге болады. Алматы облыстық полиция департаменті жол апаты автожолдың 18-шақырымында болғанын хабарлад

"Бұған дейін анықталғандай, Shacman жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі BMW көлігімен соқтығысқан. Соңғысы инерциямен бетон қоршауға соғылған", - деді полиция өкілдері.

Оқиға салдарынан BMW көлігіндегі жолаушы жеңіл жарақат алды. Ол ауруханаға жатқызылды.

"Қазіргі уақытта процессуалдық шешім қабылдау үшін сараптама тағайындау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Іс жүзінде құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп мәлім етті құқық қорғау органынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057451-altyn-orda-bazary-manynda-bmw-zuk-koligimen-soqtygysyp-beton-qorsaular-qirady-video/

pixel