Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдегі Ил-76 апаты: қаза тапқан экипаж мүшелерінің бірі Қазақстан тумасы болып шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Апатқа ұшыраға ұшақ
Апатқа ұшыраға ұшақ. Видеодан кадр: t.me/thenewsbelgorod

Ресейдің Белгород облысында Ил-76 ұшағы апатқа ұшырап, қаза тапқан штурман Қазақстан тумасы екені белгілі болды. Ол қаңтар оқиғасы кезінде елге ұшып келген, деп хабарлайды RT арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

24 қаңтарда Ресейдің Белгород облысында Ил-76 ұшағы апатқа ұшырады. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бортта Украина қарулы күштерінің тұтқынға алынған 65 жауынгері, ұшақ экипажының алты мүшесі және сарбаздарды алып жүретін үш адам болған. Барлығы 74 адам болған, кейінірек Ресей қорғаныс министрлігі барлығы қаза тапқанын растады. РФ билігі апатты теракт деп атады.

Апатқа ұшыраған ұшақтың штурманы Өскемен қаласының тумасы Алексей Высокин болып шықты. Бұл туралы оның жұбайы Ольга Высокина RT арнасына берген сұхбатында айтты.

Марқұмның әйелінің айтуынша, Алексей Сириядағы ұрыс қимылдарының ардагері болған және қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға ұшып келген.

"Күйеуім басқа ұшақта болды деп үміттендім, бірақ кейін апатқа ұшырағанын түсіндім, өйткені рейс алдында ол үнемі өзінің ұшып бара жатқанын және келгенін хабарлайтын еді. Мен бұған сенгім келмеді", - дейді Ольга.

Еске салайық, 24 қаңтарда Белгород маңында тұтқындар мінген Ил-76 ұшағы апатқа ұшырағанын жазған едік.

Кейін ресейлік БАҚ апатқа ұшыраған Ил-76 ұшағының экипажы мен барлық жолаушысы қаза тапқанын, бортта 74 адам, оның ішінде Украина қарулы күштерінің тұтқынға алынған 65 әскери қызметшісі болғанын жазды.

"Қазір апат болған жер қоршауға алынды, барлық жедел қызметтер оқиға орнында жүр, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - делінген басылым хабарында.

24 қаңтарда басылымның жазуынша, "192-ні 192-ге" тұтқын алмастырылуы керек болған.

Бортында 80 тұтқыны бар екінші ұшақ апатқа ұшыраған Ил-76 ұшағының соңынан келе жатқан, бірақ оны бұрып үлгергені хабарланды.

Кейінірек Ресей Қорғаныс министрлігі, РИА Новости агенттігінің жазуынша, Украина қарулы күштерінің Ил-76 ұшағына зымыранмен жасаған шабуылын теракт деп атаған.

"Бүгін (24 қаңтарда - ред. еск.) сағат 11:15-те Киев режимі лаңкестік әрекет жасады, соның салдарынан Украина әскери қызметшілерін алмастыруға Чкаловский-Белгород аэродромы бағыты бойынша ұшып бара жатқан Ресейдің әскери-көлік авиациясының ұшағы атып түсірілді", - делінген ресейлік ведомствоның мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057729-reseidegi-il-76-apaty-qaza-tapqan-ekipaz-muselerinin-biri-qazaqstan-tumasy-bolyp-syqty/