"Бортта 65 адам болған": Ресейде Ил-76 әскери ұшағы құлады
Жарияланған күні:
Ресейлік және украиналық Telegram-арналар Белгород облысының Корочан ауданында Ил-76 әскери ұшағы құлағанын жазып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Осторожно, Новости" Telegram-арнасының мәліметінше, бортта 63 адам болған және бәрі қаза тапқан. Кейінірек бортта болғандар саны 65 екені нақтыланды.
УНИАН Telegram-арнасы оқиғаның видеосын жариялады.
Кейінірек Белгород облысының губернаторы "төтенше жағдай болғанын" хабарлады.
Кейінірек Ресей Қорғаныс министрлігі әуе кемесі апатқа ұшырағаны туралы ақпаратты растады.
РИА Новости хабарына қарағанда, Ил-76 ұшағы 65 украиналық тұтқынды тасымалдаған - олар айырбастау үшін тасымалданған.
"Мәскеу уақытымен сағат 11: 00 шамасында (Астана бойынша 14:00 шамасында - ред.ескертпесі) жоспарлы ұшуды орындау кезінде Белгород облысында Ил-76 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта Белгород облысына айырбастау үшін тасымалданатын 65 әскери қызметші, ұшақ экипажының алты мүшесі және үш алып жүруші болды", - деп хабарлады Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі.
Апаттың себептерін тергеу үшін Ресейдің әуе-ғарыш күштері комиссиясы төтенше жағдай орнына аттанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2057302-bortta-63-adam-bolgan-reseide-il-76-askeri-usagy-qulady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.