Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетібайда көршісінің жасөспірім қызын зорлауға, ағасы екеуін өлтіруге оқталды деген күдікті ұсталды

Опубликовано:

күдікті
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Жетібайда кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болған және екі адамды өлтіруге оқталған деген дерекпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ПД өкілдеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, күдікті мас күйде болған. Ол көршісінің кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған және қызды да, оның ағасын да өлтіруға оқталған.

"Облыстық полиция департаменті Қарақия ауданы Жетібай кентінің тұрғынына қатысты кәмелетке толмаған жасөспірімді екі рет өлтіруге және зорлауға оқталды деген дерекпен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Масаң күйде болған қылмыскердің құрбандары - көршілері - жас жігіт пен оның қарындасы", - дейді полициядағылар.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауда екені айтылады.

"Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - дейді ПД өкілдері.

Жергілікті "Маңғыстау Media" басылымының мәліметінше, қыз 8-сыныпта оқиды. Оның ағасы 20 жаста. Көп пышақ жарақатын алғандықтан, олар қазіргі күні ауруханада жатыр, дейді тілшілер.

Жетібай аудандық ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, екі науқастың - 20 жастағы жігіт және оның 14 жастағы қарындасының - жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

Жігітке кеуде қуысының екі жақты енетін тесілген жарақаттары, сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің жаралануы, екі жақты гемопневмоторакс, жарақаттан кейінгі, 1/2 дәрежелі геморрагиялық шок, бел аймағының және сол иығының бірнеше тесілген жарақаттары диагнозы қойылған. Басылым тілшілері оған шұғыл операция жасалғанын хабарлады.

"2010 жылы туған қызда іштің алдыңғы қабырғасының бірнеше енетін тесілген жарақаттары, асқазанның енетін жарақаты, гемоперитонеум, бас пен беттің түкті бөлігінің бірнеше тесілген жарақаттары, жарақаттан кейінгі, 1/2 дәрежелі геморрагиялық шок бар. Оған да шұғыл операция жасалды", - деп хабарлады ауруханадағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057756-zetibaida-korsisinin-zasospirim-qyzyn-zorlamaq-boldy-degen-kudikti-ustaldy/

pixel