Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл автокөлік соқтығысты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағанды облысында Қарағанды-Теміртау тасжолында жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көлік соқтығысқан жол апаты орын алды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"26 қаңтарда сағат 15:00 шамасында ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды-Теміртау тасжолында Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан зардап шеккен екі адам Теміртау ауруханасына жатқызылды", - деді ол облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.
Қарағанды облысының полиция департаменті автобуста үш адам болғанын айтты.
Сондай-ақ полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және ауа райы нашарлайтын жағдайда ұзақ сапарға шықпауға шақырды.
Ведомствоның мәліметінше, ірі апаттан кейін тасжол жабылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057779-qaragandy-oblysynda-zolausylar-avtobusy-men-16-zenil-avtokolik-soqtygysty/