Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл автокөлік соқтығысты

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Видеодн кадр: t.me/vechernaya_karaganda

Қарағанды облысында Қарағанды-Теміртау тасжолында жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көлік соқтығысқан жол апаты орын алды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"26 қаңтарда сағат 15:00 шамасында ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды-Теміртау тасжолында Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан зардап шеккен екі адам Теміртау ауруханасына жатқызылды", - деді ол облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Қарағанды облысының полиция департаменті автобуста үш адам болғанын айтты.

Сондай-ақ полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және ауа райы нашарлайтын жағдайда ұзақ сапарға шықпауға шақырды.

Ведомствоның мәліметінше, ірі апаттан кейін тасжол жабылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057779-qaragandy-oblysynda-zolausylar-avtobusy-men-16-zenil-avtokolik-soqtygysty/

pixel