Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда тұрғын үйдің ауласында "гелендваген" жарылып кетті (видео)

Опубликовано:

Өртенген "гелендваген"
Өртенген "гелендваген". Видеодан кадр: instagram.com/in_da_krg

Кеше таңертең Қарағандыдағы аулалардың бірінде тұрақта тұрған Mercedes-Benz G 500 көлігі өртенген. Ашық оттың әсерінен көліктегі газ жабдықтары жарылып кетті, деп хабарлайды Ekaraganda.kz .

Оқиға кеше таңертең Қарағандыдағы Гапеев көшесіндегі тұрғын үйдің жанында болғаны хабарланды.

Аймақтық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратынша, жоғары температура салдарынан жанында тұрған Volkswagen Passat көлігі зақымданған.

"Үйдің жанында жалпы алаңы 4 шаршы метрді құрайтын Mercedes-Benz G 500 маркалы автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінде, аспаптар панелінде және ішкі әрлеуінде жанғыш бөлшектер жанып кетті.

Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін Mercedes-Benz G 500 автокөлігінде орнатылған газ жабдығынан газ-ауа қоспасы жарылған. Өрттің алдын ала себебі ашық от көзінен болған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт сағат 04:19-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Кейін әлеуметтік желіде өртеніп кеткен көліктің видеосы пайда болды. Ол Instagram-дағы in_da_krg парақшасында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057890-qaragandyda-turgyn-uidin-aulasynda-gelendvagen-zarylyp-ketti-video/

pixel