Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сейсмологтар Қазақстанда бір аптаның ішінде 2,5 мыңға жуық афтершок тіркеді

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаңтардың 22-сінен 23-не қараған түні болған күшті жер сілкінісінен кейін қазақстандық сейсмологтар екі мыңнан астам афтершок тіркеді. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының мәліметінше, 23 қаңтардан бері Қазақстанда 2,5 мыңға жуық жер асты дүмпуі тіркелген.

Алматыда олардың 12-сі ғана сезілді – 2 балдан болған.

"Сейсмикалық белсенділікке Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған күшті жер сілкінісі себеп болды, оның сейсмикалық толқындары жақын маңдағы елдерге, соның ішінде Қазақстан аумағына тарады", - дейді мамандар.

Төтеншеліктер қазіргі уақытта жағдай тұрақты екенін айтты.

Бұл ретте мамандар алматылықтарды сабырға шақырып, дүрбелеңге салынбауды сұрады.

Географиялық сөздікте жазылған түсіндірмеге сүйенсек, афтершоктар – жер сілкінісінен кейін болатын және генетикалық тұрғыдан онымен байланысты жер асты дүмпулері.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз;
  6. Көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  7. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігінше өшіріңіз;
  8. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  9. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  10. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  11. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058086-seismologtar-qazaqstanda-bir-aptanyn-isinde-25-mynga-zuyq-aftersok-tirkedi/

pixel