Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында газ жарылды: әкім екі адам қаза тапқанын растады

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: instagram.com/ablaisultangali

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали тұрғын үйдегі газ баллоны жарылып, екі адамның қаза тапқаны туралы мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімнің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті тұрғындар, өздеріңіз білетіндей, екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны атылды. Өкінішке қарай, екі адам қаза тапты. Қаза тапқандардың отбасыларына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды әкім.

Абылай Сұлтанғали жергілікті жерде жедел штаб ашылғанын мәлімдеді.

"Зардап шеккен тұрғындарға көмек ұсынылып, уақытша орналастырылды. Біз қазір оқиғаны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жағдай облыс әкімінің бақылауында", - деді ол.

Қарағанды облысының ТЖ департаментінде 8(7212) 51-72-23 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058146-qaragandy-oblysynda-gaz-zaryldy-akim-eki-adam-qaza-tapqanyn-rastady/

pixel