Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ондаған көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды: 25 адам зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Жамбыл облысындағы жол апаты
Жамбыл облысындағы жол апаты. Фото: Жамбыл облысы ТЖД

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолының ірі жол апаты болып, 25 адам зардап шеккен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 31 қаңтарда сағат 10:47-де Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының маңында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолының 567-шақырымында ірі жол апаты болды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, көрінудің шектелуі, боран) 26 көлік атап айтқанда, 4 жолаушылар автобусы, 4 жүк көлігі және жеңіл автокөліктер соқтығысқан.

"ЖКО салдарынан қаза тапқандар жоқ. Б. Момышұлы ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен 25 адам жүгінді. Тараз қаласынан 593-тен 534 шақырымға дейінгі бағыттағы автожол екі жағынан да жабық", - делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ақпаратынша, жол апаты салдарынан 25 адам, оның ішінде 1 бала зардап шекті. Қазіргі уақытта 4 адам жансақтау бөлімінде, 5 науқас хирургия бөлімінде жатыр. Тағы 15 адам түрлі дене жарақатын алған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058476-zambyl-oblysynda-iri-zol-apaty-25-adam-zardap-sekti/

pixel