Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен мектебінде оқушылар пышақтасты

Опубликовано:

Қолында пышағы бар ер адам
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: natasaadzic/Getty Images

Өскемен мектептерінің бірінде екі оқушы арасында жанжал болып, оның барысында екеуі де жараланған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Өскемен мектептерінің бірінде екі жасөспірім арасында жанжал шыққан. Қақтығыс кезінде орта мектеп оқушысы бәкі пышағын алып, қарсыласын пышақтаған, оның салдарынан өзі де жарақат алған.

Бірінің қолы, екіншісінің мойыны тілінген. Мектепке жедел жәрдем мен полиция шақырылды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Ана мен бала орталығы мамандарының айтуынша, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бақылау камераларынан алынған видео зерттеліп жатыр, қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді", - деп ақпарат таратты ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058549-oskemen-mektebinde-oqusylar-pysaqtasty/

pixel