Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйік шалған": Павлодарда өртке оранған көліктің жанынан ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодардағы аулалардың бірінде өртеніп кеткен көліктің жанынан ер адамның денесі табылды. Құтқарушылар оқиға орнына көліктен өрт шыққаны туралы шақыртуға барған. Бұл туралы Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Құтқарушылардың айтуынша, қоңырау 2 ақпан күні таңғы бес жарымда түскен. Хабарламада Lada Granta көлігі өртенгені айтылған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер көлік маңынан 23 жастағы ер адамның өлі денесін тапты.

"Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері көліктің жанынан 2001 жылы туған ер адамның күйік шалған мәйітін тапты. Өлім себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Көліктегі өрт жарты сағатқа жетпей сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы төрт шаршы метр болды. Қазір өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр.

"Мәйіт табылғаны туралы факт бойынша материалдар полицияға беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058859-pavlodarda-ortke-orangan-koliktin-zanynan-er-adamnyn-kuiik-salgan-denesi-tabyldy/

pixel