Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолада балалар мінген шағын автобус көлікпен соқтығысты: бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Ақмола облысындағы жол апаты
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/sinegor.kz

Ақмола облысында "Көкшетау - Атбасар" тасжолында шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Автобус салонында 15 адам, соның ішінде жеті бала болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД сілтеме жасап.

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram-дағы sinegor.kz парақшасында пайда болды. Жазба авторының айтуынша, шағын автобуста Есіл қаласының КВН құрамасы болған. Олар Көкшетаудағы іс-шарада өнер көрсетіп қайтып келе жатқан.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, жол апаты 4 ақпан күні Максимовака ауылы маңында, "Көкшетау - Атбасар" тасжолының 128 километрінде болған.

"Үнемі жолаушы тасымалдаумен айналысатын Mercedes-Benz Sprinter көлігінің 62 жастағы жүргізушісі Көкшетау-Державинск бағытымен Атбасар қаласына қарай келе жатқан. Бұл жолы салонда 15 жолаушы болған.

Жолда қар тазалайтын техниканы басып озу үшін маневр жасау кезінде рульді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Көкшетау қаласына қарай бет алған 20 жастағы жүргізуші басқарған Nissan Primera көлігімен соқтығысқан", - деді тәртіп сақшылары.

Жол апаты салдарынан Nissan Primera жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. 15 жолаушы, оның ішінде жеті бала түрлі жарақатпен Сандықтау аудандық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факт бойынша полиция сотқа дейінгі өндіріс бастап, тиісті сараптамалар тағайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2059266-aqmolada-balalar-mingen-sagyn-avtobus-kolikpen-soqtygysty-bir-adam-qaza-tapty/

pixel