Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда ер адам мұз астына түсіп кеткен баланы құтқарып қалды

Опубликовано:

Мұз
Оқиға орны. Фото: Көкшетау ТЖБ

Көкшетауда бүлдіршін мұз астына түсіп кетіп, оны тұрғын құтқарып қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көкшетау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, оқиға 5 ақпанда сағат 19:00 шамасында "Мечта" сауда үйінің маңында болған. 2017 жылы туған бала Қылшақты өзеніне батып кете жаздаған.

"Аталмыш оқиғаға куә болған 1997 жылы туған азаматтың шебер әрекетінің арқасында бала судан аман-есен шығып, тұрғылықты жеріне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Осы ретте қалалық ТЖБ өкілдері ата-аналарға ескерту жасады.

"Балаларыңызға қазіргі уақытта Қылшақты өзеніндегі мұздың қалыңдығы небәрі 10 сантиметр екенін және мұздың үстінде жүру қауіпсіз емес екені туралы ақпарат беруді сұраймыз. Өйткені мұз күн сайын жұқарып келеді", - делінген ТЖБ хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2059572-koksetauda-er-adam-muz-astyna-tusip-ketken-balany-qutqaryp-qaldy/