jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы маңындағы тасжолда болған төбелес видеоға түсіп қалды

    Ер адам көлік ішіндегі адамды ұрып жатыр
    Төбелес. Видеодан кадр: instagram/kris.p.karasai

    Желіде Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілердің бірі екіншісін аямай соққыға жыққан сәтінің видеосы тарады. Бұл жайт Алматы облысындағы тәртіп сақшыларының назарына ілігіп үлгерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде тараған видеодан бір адам көлікте отырған адамды аямай ұрып, көліктен күштеп шығаруға тырысып, жұлқылап жатқанын көруге болады. Желі қолданушылардың мәліметінше, төбелес Алматы – Бішкек тасжолында болған.

    Бұл видео полицейлердің назарына әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде іліккен. Алматы облысының полиция департаменті осы жайтқа түсініктеме берді.

    "Екі ер адамның жолдың жүру бөлігінде төбелесіп жатқан сәті түсірілген бейнежазба анықталды. Бұл жайт Қарасай аудандық полициясында бұзақылық фактісі бойынша тіркелді.

    Төбелескен адамдар анықталды, қазір жанжалға қатысушыларды ұстау шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Алматы маңындағы тасжолда болған төбелес видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.