jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бала өлі табылды: анасы мекенжайды құрбысына айтып, қашып кеткен

    Ойыншық
    Ойыншық. Көрнекі фото: piqsels.com

    Түркістанда екі баланың денесі жалдамалы пәтерден табылды. Полицейлер олардың анасын, Қызылорда облысының тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Облыстық полиция департаменті мәліметінше, 7 ақпанда жалдамалы пәтерлердің бірінен екі баланың денесі табылған. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Өлім себебін анықтау үшін балалардың денелері сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың көз жұмғаны және олардың мекенжайы туралы досына хабарлаған Қызылорда облысының тұрғыны, балалардың анасының тұрған жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деді Түркістан облыстық ПД бастығы Мұрат Қабденов Facebook-тегі парақшасында.

    Ал, облыстық полиция департаменті тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрады.

    "Біз жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеміз және азаматтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

    Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бала өлі табылды: анасы мекенжайды құрбысына айтып, қашып кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.