Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы лай көшкінінен кейін Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуін кейінге қалдырды

Жарияланған күні:

Алматыдағы лай көшкінінен қираған үй
Алматыдағы лай көшкінінен қираған үйдегі құтқару жұмыстары. Фото: gov.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуді бір күнге шегерді. Бұл туралы әкімдіктің Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Құрметті Медеу ауданының тұрғындары! "Тау-Самал" шағын ауданындағы лай көшкініне (еріген немесе жер асты суларының балшық тәрізді күйге ауысуынан топырақтың жылжуы) және Медеу ауданының әкімдігі мен құтқару қызметі және Қалалық қызметтер жұмылдырылған іздестіру-құтқару жұмыстарының жалғасуына байланысты Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуі осы жылдың 9 ақпаны сағат 9.00-ге ауыстырылады", - делінген әкімдік хабарында.

Бүгін, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні түскен.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2059780-almatydagy-lai-koskininen-keiin-dosaev-medeu-audany-turgyndarymen-kezdesuin-keiinge-qaldyrdy/