Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы лай көшкіні: аудан әкімі үйінді астынан іздестіріліп жатқан отбасы туралы айтты

Опубликовано:

ТЖД қызметкерлері
Іздестіру-құтқару жұмыстары. Фото: Алматы қалалық ТЖД

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Алматыда лай көшкінінен кейін үйінді астынан іздестіріліп жатқан отбасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, үйде ерлі-зайыпты мен егіз ұлы тұрған. Балалар №48 мектепте оқиды. Олар бүгін сабаққа бармаған.

"Отбасының ұялы телефондарын іздедік. Телефондары үйде деген ақпарат бар", - деді әкім.

Еске сала кетейік, бүгін түнде Медеу ауданында лай көшкіні жүріп, екі үйге зақым келген. Оқиға орнына құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы келді.

Кейін Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде үйде төрт адам болғанын, олардың екеуі бала екенін, құтқарушылар оларды іздеп жатқанын айтты. Сондай-ақ төтенше жағдайға байланысты Досаев бүгінге жоспарланған халықпен кездесуін кейінге қалдырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқиға орнынан бір адам өлі табылды деген ақпарат тарады. Кейін бұл мәліметті Төтенше жағдайлар департаментіндегілер де растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2059844-almatydagy-lai-koskini-audan-akimi-uiindi-astynan-izdestirilip-zatqan-otbasy-turaly-aitty/

pixel